Егер Сізбен "Дебиторлармен жұмыс жөніндегі агенттік" қызметкерлері байланысқа шықса немесе біздің компаниямыздан хат / SMS алсаңыз, сәйкесінше бізде біздің клиенттеріміздің бірінің алдында Сіздің берешегіңіз бар екендігін растайтын құжаттар бар.

Қандай жағдай болмасын біздің қызметкерлермен сөйлесуден қашпаңыз. Біздің қызметкерлермен сөйлесу сіздің берешегіңізге қатысты мәселені қалай ең қысқа мерзімде, ең аз қаржылық шығындармен шешуге болатындығын түсінуге мүмкіндік береді.

Шешімі жоқ жағдай болмайды. Біздің қызметкерлерге хабарласыңыз, олар мәселеңізді шешуге көмектеседі.
Біздің маманнан берешекпен жұмыс жасау тәсілдері (өтеу, құрылымын қайта қарау, ұзарту) туралы кеңес алыңыз. 

Кей жағдайларда борыштың құрылымын қайта қарауға болады. Егер қандай да бір объективті әрі сенімді себептермен борыштың барлық сомасын бірден төлей алмасаңыз, борыштың  құрылымын қайта қарап көре аласыз. Біздің мамандарымыз борыштың құрылымын қайта қарау мүмкіндіктері туралы толықтай баяндап, ең тиімді бағдарламаны ұсынады.

Берешек мәселесін сотқа дейін шешу айтарлықтай тиімді. Статистика бойынша 95% жағдайда сот кредитор пайдасына шешім шығарады. Сондықтан берешек мәселесін сотқа дейінгі тәртіппен шешу сіз үшін тиімді. Сот шешімінен кейін борыш сомасын бір уақытта өтеумен қатар, жеңімпаз кредитордың шығасыларын төлеуге мінетті боласыз.
Берешегіңіздің күйінің өзгергендігі туралы хабарларды шұғыл алып отыру үшін байланыс ақпаратыңызды хабарлаңыз.

"Дебиторлармен жұмыс жөніндегі агенттік" қызметкерлерінің тек қолданыстағы заңнама аясында ғана жұмыс жасайтындығын және біздің компаниямызда сіздің берешегіңізді растайтын барлық құжаттар бар екендігін түсіну маңызды.

Оның үстіне, "Дебиторлармен жұмыс жөніндегі агенттік" қызметкерлерімен қарым-қатынас жасаудан қашу берешегіңізге қатысты құжаттарды сотқа жіберуге, сот өкілдерімен сөйлесуге, мәжбүрлі түрде өндіріп алуға және тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартуға алып кел мүмкін. Берешек мәселесін сотқа дейінгі тәртіппен шешіп, өз мүлкіңізді қолдану, басқару және басқа құқықтарыңызды сақтап қаласыз.

Агенттік қызметкерлерімен болған уағдаластыққа сәйкес төлем төлемеген жағдайда берешегіңіз есептелген айыппұл санкцияларының сомасына көбейтілетін болады.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, РАЙЫМБЕК ДАҢ., 160 "Б", 22 - КЕҢСЕ
ТЕЛ.: 8 (727) 339 96 66
E-MAIL: INFO@1ARD.KZ
РусКаз