"Берешектермен жұмыс жөніндегі агенттік» компаниясы коллекторлық қызметтер нарығында 3 жыл бойы сәтті жұмыс жасауда. Агенттік қызметкерлерінің жоғары біліктілігі сотқа дейінгі сатыда мерзімі ұзартылған берешектердің көбін қайтаруға мүмкіндік береді. Компания жетістіктері көп жылдық тәжірибемен, берешектерді өндіріп алудың ерекше әдістемелерімен және борыштарды қайтару бойынша әрекеттердің тиімді алгоритмімен түсіндіріледі. Агенттік қызметкерлері әрқашан дұрыс шешім және кез келген ең күрделі жағдайдың өзінен ең оңтайлы амал таба алады.

Осы тапсырмаларға қол жеткізу құралдары болып тәуекелдерді диверсификациялау, өнімдер мен қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттыру мақсатында алдыңғы қатарлы басқару тәжірибесін енгізу, аумақтардағы позицияларды нығайту табылады.

Қызметкерлердің көбі құқық қорғау органдарында, соттарда, қаржылық құрылымдарда, соның ішінде банк секторында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заң және коллекторлық құрылымдарында жұмыс жасау өтіліне ие және берешектердің пайда болуының барлық сатыларында борыштарды жинаудың кәсіби дағдыларын игерген.
     
Бүгінде біздің компания шаралардың мақсатты кешенін орындауға байланысты қызметтер ұсынатын толық циклді холдинг. 

"Дебиторлармен жұмыс жөніндегі агенттік" - бұл кәсіби ұжым және борыштарды сапалы қайтаруға мүмкіндік беретін өндіріп алудың регламенттелген процесі.

"Дебиторлармен жұмыс жөніндегі агенттік" - бұл борыштарды қайтару, негізгі міндеттемені өтеу (цессия) саласында консалтингтік қызметтер көрсету. 

"Дебиторлармен жұмыс жөніндегі агенттік" - бұл өзара тиімді нәтижелермен тараптардың қарым-қатынасын әділ жақсарту.

"Дебиторлармен жұмыс жөніндегі агенттік" - берешек мәселелерінің шешімдерін іздеу мақсатында орын алған жағдайларды талдау және тараптарға кеңес беру.

  Біздің тұтынушылар және серіктестер:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, РАЙЫМБЕК ДАҢ., 160 "Б", 22 - КЕҢСЕ
ТЕЛ.: 8 (727) 339 96 66 
E-MAIL: INFO@1ARD.KZ
РусКаз